Махамбетте «Ekin Vox Spotter» құрылғылары іске қосылады

Махамбет ауылының тұрғындары мен қонақтарының назарына!

Ауыл көшелерінде орнатылған 5 «Ekin Vox Spotter» құрылғысы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жол жүрісі қағидаларын бұзу деректерін автоматты түрде тіркей бастайды.

Арнайы құрылғылар жол қозғалысы кезінде жасалған құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтап, тіркеуге мүмкіндік береді.

🚘 Жол қозғалысы ережелерін сақтап, өзіңіздің және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

Махамбет аудандық полиция бөлімі

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT