Махамбет ауылдық округінде тазалық жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 25 қыркүйек күні Махамбет ауылдық округінде ауқымды санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Акцияға ауылдық округ аумағындағы мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, өздеріне бекітілген аумақтарды тазалап, жиналған тұрмыстық және басқа да қоқыс қалдықтарын шығарды. Елді мекеннің тазалығы мен көркейуіне бағытталған жұмыстар барысында көшелер мен қоғамдық орындардың санитарлық жағдайына ерекше көңіл бөлінді.

Тазалық шарасына 150-ге жуық адам қатысып, нәтижесінде 10 тоннадан астам қоқыс қалдығы арнайы орындарға шығарылды.

Экологиялық акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, елді мекенді абаттандыру және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру.

Туған жердің таза әрі көрікті болуы – баршамызға ортақ жауапкершілік. «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы игі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Махамбет ауылдық округі аппараты

 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT