Махамбет ауданы көлемінде 28 ақпан-02 наурыз күндері "Жасөспірім" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық бұзушылық пен қылмыстарды ескерту және алдын алу, кәмелеттік жасқа толмағандарға алкогольдік ішімдіктер, темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз тұрғын үй-жайлардан тыс жерде болу фактілерін анықтау. Сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жасөспірімдерді құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға тартатын ересек адамдарды анықтау және кәмелеттік жасқа толмағандар арасында бопсалайтын құқық бұзушылардың алдын алу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру.



