Махамбет ауданында отбасылық қауіпсіздікті арттыру бағытында профилактикалық жұмыс жүргізілді

Махамбет ауданы полиция бөлімінің профилактика кабинетінде Отбасын қолдау орталығының психолог мамандарымен бірлескен қабылдау ұйымдастырылып, азаматтарға жан-жақты құқықтық және психологиялық көмек көрсетілді.

Шараның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтардың жолын кесу, қауіп-қатер тобындағы отбасыларды анықтап, оларға тиісті қолдау көрсету, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Кездесу барысында мамандар тұрғындарға құқықтық кеңес беріп, отбасылық-тұрмыстық мәселелердің алдын алу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, қиын жағдайдағы отбасыларға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету тетіктері де қарастырылды.

Құзырлы органдардың айтуынша, мұндай профилактикалық жұмыстар қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттырып, отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді.

Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты назарда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT