Махамбет ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру жөніндегі конкурс өтеді

Махамбет ауданының әкімдігі ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру жөніндегі конкурстың 2026 жылғы 05 қазан сағат 15.00-де, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі, №22, «Азаматтарды қабылдау орталығы» ғимараты мекенжайы бойынша өтетінін хабарлайды

Жер учаскелерін жалдау шарттары: міндетті түрде нысаналы мақсаты бойынша және орналасқан жері бойынша пайдалану. Конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін жеке басын куәландыратын құжатты, конкурстық ұсынысты (бизнес-жоспар) және конкурстық өтінімді ұсыну қажет. Меншігінде болған жағдайда, ауыл шаруашылығы жануарларының басы туралы, ауыл шаруашылығы техникалары, технологиялық жабдықтар, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың құжатын, анықтама және техникалық паспортын ұсыну. 

Конкурсқа қатысушылар мына мекен-жайға тіркеледі: Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай, № 22 ғимарат. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу өтінімдер қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама алғаш жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығы негізінде 14.09.2026 ж.бастап 02.10.2026 ж. дейін жүргізіледі. 

Анықтама телефоны: 871(236) 2-11-99, 2-17-63. Сіз сондай-ақ ресми түрде Atyrau.gov.kz сайтында таныса аласыз. 

«Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT