Махамбет ауданында ауқымды тазалық акциясы өтті

фото видеодан алынды

Махамбет ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында «Таза өлке – ортақ міндет» атты экологиялық тазалық акциясы ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және туған жерге деген жанашырлықты арттыру.

Акция аясында «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының сарбаздары Атырау–Орал республикалық тас жолы бойында, Махамбет ауылының кіреберісіндегі аялдама маңында тазалық жұмыстарын жүргізді. Жастар аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазартып, қоршаған ортаны абаттандыруға өз үлестерін қосты.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аталған аумақтан жалпы көлемі 8 тонна қоқыс шығарылды. Бұл – қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жүйелі жұмыстардың нақты нәтижесі.

Мұндай экологиялық акциялар табиғатты аялау мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, жастардың туған өлкеге деген жауапкершілігін арттыруға, қоғамда тазалық пен тәртіп құндылықтарын дәріптеуге ықпал етеді. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы игі бастамалар аудан көлемінде алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT