МАХАМБЕТ АУДАНЫНДА 19 ТҮРЛІ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ ТҰРАДЫ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Махамбет ауданында «Халықтың қуаты – бірлікте» атты мерекелік іс-шара кең көлемде аталып өтті.

Аудан орталығындағы алаңда ұйымдастырылған салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Махамбет Ербөлек қатысып, барша тұрғындарды аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаевтың атынан айтулы мерекемен құттықтады.

Мерекелік бағдарлама аясында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен Зәмзам Есжанова атындағы балалар өнер мектебінің оқушылары сахна төрінде өнер көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, ардагерлер жанындағы Әжелер алқасының мүшелері халық әндерінен попурри орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Бүгінде Махамбет ауданында 31 мыңнан астам халық тұрады. Соның ішінде 19 түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, өңірдің дамуына өз үлестерін қосып келеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT