Волейболдан ардагерлер арасындағы Атырау қалалық ашық лигасында Махамбет ардагерлер командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Жарысқа 40+ жастан асқан ардагерлер қатысты, жалпы 9 команда бақ сынады: Құрманғазы, Дамбы, АКЭиС, БИЛ, Рауан, ЕМГ, АМӨЗ, Нұрхат және Махамбет ардагерлер.
Махамбет ауданының намысын қорғаған Дастан Аташев “Үздік либеро” аталымымен марапатталды.
Өз тілшіміз


