"Ұлттық кітап күні - руханият мерекесі атты шара

#ҰлттықКітапКүні2026

#НациональныйДеньКниги2026

Кітап – адамзаттың рухани байлығы мен мәдени мұрасының қайнар көзі. Осы орайда Ұлттық кітап күні мерекесіне орай Махамбет аудандық кітапханасының ауласында “Ұлттық кітап күні-руханият мерекесі” атты шара болып өтті. Аталған шарада Таңдай ауылдық кітапханасы тарапынан “Өлке әдебиеті – рухани мұра” тақырыбында жергілікті ақын, күйші Қ. Ахмедияров пен Ж. Қарасаеваның шығармаларына арналған ашық аспан астындағы кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Көрменің басты мақсаты – жергілікті ақын мен күйшінің еңбектерін насихаттау, оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Көрмеге жазушылардың әр жылдары жарық көрген кітаптары, ғылыми еңбектері мен мақалалар жинақтары, пайдаланылған заттары, күй, жыр шығарған домбыралары қойылды. Сонымен қатар, авторлардың өмірі мен шығармашылығы туралы мереке қонақтарына жан-жақты мәліметтер ұсынылып, шығармашылықтарының сан алуан қыры, өзіндік ерекшелігі туралы ақпарат берілді. 

Көрмеге автордың бірі-ақын Жәниба Қарасаеваның өзі қатысып, шараның көркін әрлей түсті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT