#ҰлттықКітапКүні2026
#НациональныйДеньКниги2026
Ұлттық кітап күні мерекесіне орай Махамбет аудандық кітапханасының ауласында «Ұлттық кітап күні – руханият мерекесі» атты шара өтті.
Аталған шарада Ортақшыл ауылдық кітапханасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай «Тәуелсіздік тағылымы» жобасы аясында «Тәуелсіздік – Ұлы Дала ұлағаты» атты ашық аспан астындағы кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрмеде жоба аясында өткізілген шаралар QR форматта дайындалып, оқырмандарға таныстырылды. Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің әр жылдардағы жетістіктеріне байланысты кітаптар көрмеге қойылды.
Көрменің басты мақсаты – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы тарихи жетістіктерін насихаттау, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру және жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу.


