Ұлт саулығының кепілі


 Менің дәрігерлік тәжірибемде адамның өмірі мен денсаулығы ең басты құндылық екенін күн сайын сезінемін. Адам денсаулығы – мемлекеттің де байлығы. Сондықтан Консти¬туцияда адам құқықтары мен бостандықтарының үстемдігі айқын көрсетілуі – қоғам үшін үлкен жетістік. Әсіресе, әр азаматтың денсаулығын қорғауға құқығы нақты бекітілуі ме-дицина саласының дамуына құқықтық негіз береді. 
Қазіргі таңда медицина саласы қарқынды өзгерістер кезеңін бастан өткеріп отыр. Цифрландыру, жаңа технологиялар, теле¬медицина – барлығы да заман талабына сай жаңашылдықтар. Осындай өзгерістердің құқықтық негізі берік болмаса жүйелі даму мүмкін емес. Конституцияда құқықтық мемлекеттің қағидаттарының айқындалуы – инновациялық бастамалардың заң аясында жүзеге асуына жол ашады. 
Тағы бір маңызды мәселе – азаматтық жауапкершілік. Конституция тек құқықтар жиынтығы ғана емес, ол – міндеттер жүктейтін құжат. Әрбір азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Дәрігер қанша тырысқанымен, егер адам салауатты өмір салтын ұстанбаса, профилактикалық тексерулерден өтпесе, нәтиже толық болмайды. Сондықтан Конституцияда көрсетілген ортақ жауапкершілік қағидаты қоғам денсаулығын жақсартуға да тікелей әсер етеді 
Конституцияда адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтыны нақты көрсетілген. Бұл норма – дәрігерлік қызметтің де өзегі. Әрбір науқас – ең алдымен тұлға. Оның ар-намысы мен жеке өміріне құрметпен қарау – медициналық этиканың басты та-лабы. Заң жүзінде бекітілген осы ұстаным қоғамда гуманизм құндылықтарын нығайтады. 
Конституция –әр дәрігердің, әр мұғалімнің, әр жұмысшының өміріне тікелей әсер ететін басты құқықтық негіз. Жалпы тәжірибелі дәрігер ретінде мен жаңарған Конституцияны ел болашағына бағытталған, адам құндылығын биік қойған маңызды қадам деп бағалаймын. 
Ақмарал ӘЗЖАН, 
жалпы тәжірибелі дәрігер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT