Әлеуметтік қолдау – маңызды міндет

Пробация есебінде тұрған азаматтарды қоғамға бейімдеу, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу және құқық бұзушылықтың қайталануына жол бермеу бағытындағы жұмыстар Махамбет ау¬данында жүйелі түрде жүргізілуде.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық - атқару жүйесі департаментінің Махамбет аудандық пробация қызметі тобының мәліметіне сәйкес, 2026 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша есепте қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталған 30 азамат тұр. Олардың қатарында бас бостандығын шектеу жазасына сотталғандар, пробациялық бақылаудағылар, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылғандар және жаза өтеуі кейінге қалдырылған азаматтар бар. 

Пробация қызметінің негізгі міндеттерінің бірі – есептегі азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіп, олардың қоғамға қайта бейімделуіне жағдай жасау. Осы мақсатта аудандағы жауапты мекемелермен бірлескен жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Екінші тоқсан ішінде аудандық отбасын қолдау орталығы арқылы пробация есебіндегі 27 азаматқа психологиялық көмек көрсетілді. Сонымен қатар Мансап орталығы арқылы бірнеше азамат тұрақты жұмысқа орналастырылып, бірқатарына жұмыспен қамту ша-ралары аясында әлеуметтік қолдау көрсетілді. 

Махамбет аудандық пробация қызметі тобының аға инспекторы, әділет капитаны Айгүл Молдашеваның айтуынша, сотталған азаматтарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау көрсету олардың қоғамға бейімделуіне оң әсер етеді. 

– Пробация қызметінің басты мақсаты – азаматтардың қайта құқық бұзушылық жасауына жол бермеу және олардың қалыпты өмірге оралу¬ына көмектесу. Бұл бағытта аудандағы мемлекеттік мекемелермен және әлеуметтік ұйымдармен бірлескен жұмыстар жалғасуда. Әсіресе, жұмыссыз азаматтарды тұрақты еңбекпен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр, – дейді ол. 

Алдағы уақытта да пробация есебінде тұрған жұмыссыз азамат¬тарды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру, әлеуметтік қолдау ша¬раларымен қамту және құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейту бағытындағы жұмыстар жалғасын табады. 


Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT