Соңғы жылдары ит қабу жағдайларының тіркелуі қоғам денсаулығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін маңызды мәселеге айналып отыр. Әсіресе, қаңғыбас иттердің көбеюі және үй жануарларын күтіп-бағу талаптарының толық сақталмауы бұл жағдайды күрделендіруде.
Ауданға қарасты елді мекендердегі иесіз бос жүрген қаңғыбас иттерді аулау, уақытша ұстау, биозарасыздандыру, жансыздандыру қызметі «Ин Маркет» ЖШС-і арқылы жүзеге асырылып, жыл басынан бері Махамбет ауылдық округі бойынша 66 ит ауланды.
Осы орайда аудан халқына қарапайым ережелерді сақтауды еске саламыз:
- үйдегі иттерді міндетті түрде тіркеп, вакцинациядан өткізу;
- жануарларды қараусыз көшеге жібермеу;
- бейтаныс немесе агрессивті жануарларға жақындамау.
- ит қабу фактісі орын алса медициналық мекемеге шұғыл түрде жүгіну;
- ит туралы (иесі бар-жоғы, орналасқан жері) ақпаратты жергілікті әкімдікке хабарлау.
Әрбір тұрғын жануарларды ұстау мәдениетін сақтап, қауіпсіздік талаптарын орындаған жағдайда бұл мәселені азайтуға болады. Жауапты сала мамандары өз тарапынан барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастыра береді.
Сырым Есенғалиев
Махамбет ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы


