Құрылыс жылында ауқымды құрылыстар бой түзейді

Президент Жолдауында  2027  жылды жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды.  Мемлекет басшысы осы бастама аясында облыс орталықтарында, аудандар мен елді мекендерде азаматтық инфрақұрылыс нысандарын салу және жөндеу жұмыстары басталатынын хабарлады.  

Жасанды интеллект дәуіріндегі өзгерістерге жауап ретінде құрылысқа басымдық беру қажеттігін атап өтті. атап айтқанда жолдар, әуежайлар, вокзалдар мен денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысын бастау  жоспарланып отыр екен.  Олардың  ішінде  ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталықтары да бар болып шықты. 

Сонымен бірге барлық өңірде шығармашылық үйлері,спорт кешендері, кітапханалар мен ғылыми орталықтар бой көтеруі тиіс.  Тұрғын үй салу да маңызды міндеттердің бірі болып қала береді. 

Президент Конституцияда  халықтың әл-ауқатын арттыру мемлекеттің  стратегиялық басымдығы ретінде айқындалғанын да еске салды.   Оның айтуынша, бұл бастамалардың барлығы ел игілігіне, әсіресе, өскелең ұрпақтың болашағы үшін жүзеге асырылады. 

 

Темірлан Бертлеуов, 

Махамбет ауылдық округі әкімінің  орынбасары

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT