Көршілер көпке үлгі болды

Ақтоғай ауылдық мәдениет үйінде орналасқан  №234 сайлау учаскесіне келіп дауыс берген Исатай Тайманұлы көшесінің тұрғындары Айымгүл Жумиева, Тәжігүл Құрманалиева, Клара Салдиевалар көпке үлгі болды.

Қашанда ауызбіршілік мен татулықты ту етіп,  туысқандай болып араласып кеткен көршілер  бір ұжымда  ауылдағы "Жас дәурен" бөбекжай-бақшасында бірнеше жылдан бері қызмет етіп келеді.

"Саусақ бірікпей, ине ілікпейді" дегендей, отбасында да, қызметте де қандайда бір ортақ шаруаны бірігіп атқаруды әдетке айналдырған көршілер бүгінгі маңызды науқанда да бірліктерімен көпшілік назарына ілікті. 
Арнайы ұлттық киіммен келіп, сайлау учаскесіне келіп дауыс беруге қатысты.

Үлкенін сыйлап, кішілеріне ізет көрсетіп, ылғи да сіз-біздесіп жүретін көршілердің татулығы көпке үлгі.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT