Қос ел байланысы жаңа белеске көтерілді

Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңге шығуы – еліміздің экономикалық дамуы үшін маңызды қадам. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайдың жетекші компаниялары басшыларымен кездесуі инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтіп, өндіріс, энергетика, көлік-логистика, цифрландыру және жоғары технологиялар саласындағы жаңа жобаларды жүзеге асыруға жол ашады.

Президент атап өткендей, екі ел арасындағы сенім мен өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынас бүгінде бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Бұл – Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің артып, шетелдік инвесторлар үшін тартымды мемлекетке айналғанының айқын көрінісі.
Алдағы уақытта мұндай кездесулердің нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді деген сенім мол. Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара тиімді әріптестік ел экономикасының тұрақты өсіміне және халықтың әл-ауқатын арттыруға оң ықпал ететіні сөзсіз.

А.Қонысбаев,
Махамбет ауылдық округінің бас маманы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT