Конституциялық өзгерістер – қоғам сенімінің негізі.

Жаңа Конституция – мемлекетіміздің болашақ бағдары мен халықтың сенімін айқындайтын маңызды құжат. Бұл өзгерістер елдегі саяси жүйені жетілдіріп, әділдік қағидатын нығайтуға бағытталған деп ойлаймын. Әсіресе азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға басымдық берілуі – қоғам үшін үлкен қадам.
Конституциялық реформалар билік пен халық арасындағы байланысты күшейтіп, мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Заң үстемдігі сақталған жерде ғана тұрақтылық пен даму болады. Сондықтан әрбір азамат Ата Заңымыздың мәні мен маңызын терең түсінуі тиіс.
Жаңа өзгерістер елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, әділетті қоғам құру жолындағы нақты қадамдарға негіз болады деп сенемін. Бұл – болашақ ұрпақ үшін жасалып жатқан маңызды шешім.

#ЖаңаКонституция #ӘділеттіҚазақстан #ЗаңҮстемдігі #ХалықҮні

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT