Қазіргі заманда жастар – елдің басты қозғаушы күші. Ал олардың құқықтық сауаттылығы мемлекет дамуының кепілі болмақ. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан Республикасының Конституциясы – жастар үшін бағыт-бағдар беретін негізгі құжат.
Конституцияда білім алу, еңбек ету, еркін пікір білдіру секілді маңызды құқықтар нақты көрсетілген. Бұл – жас ұрпақтың өз қабілетін дамытуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар заң алдындағы теңдік қағидаты әрбір жастың әділ ортада өсіп-жетілуіне жол ашады.
Бүгінгі жастар Конституцияны тек мерекелік күндерде ғана еске алмай, оның мазмұнын түсініп, күнделікті өмірде қолдана білуі қажет. Себебі құқықтық мәдениет жоғары болған жерде тәртіп те, тұрақтылық та болады.
#Жастар #ҚұқықтықМәдениет #АтаЗаң

