Меніңше, Қазақстан Республикасының Конституциясы – тек мемлекеттік құрылымның негізі ғана емес, әр азаматтың өмірлік ұстанымына айналуы тиіс құжат. Онда көрсетілген құқықтармен қатар, міндеттер де нақты айқындалған. Яғни, еркіндік пен жауапкершілік қатар жүреді.
Қоғамдағы бірлік пен татулықтың сақталуы да Конституция қағидаларына сүйенеді. Әрбір азамат заңды құрметтеп, мемлекет дамуына өз үлесін қосуға талпынғанда ғана ел болашағы баянды болады. Сондықтан Конституцияны құрметтеу – елге деген құрметтің белгісі.
#Бірлік #АзаматтықЖауапкершілік #Конституция


