Конституция – жастардың болашағына жол ашатын құжат.

Конституцияны еліміздің даму бағытын айқындайтын, әр азаматқа тең мүмкіндік беретін маңызды құжат деп санаймын. Әсіресе жастар үшін оның маңызы ерекше. Себебі Конституцияда білім алу, еңбек ету, өз ойын еркін білдіру, қоғамдық өмірге араласу құқықтары нақты көрсетілген. Бұл – біздің болашағымызға берілген кепілдік.
Қазақстан Республикасының Конституциясы жастардың бастамаларын қолдауға, олардың идеяларын жүзеге асыруға құқықтық негіз қалайды. Қазіргі таңда жас буын тек білім алып қана қоймай, ел дамуына белсенді үлес қосуға ұмтылып отыр. Волонтерлік қозғалыстар, стартап жобалар, қоғамдық бастамалар – осының бәрі Конституциямен бекітілген еркіндік пен мүмкіндіктің нәтижесі.
Сонымен қатар Конституция әр азаматқа жауапкершілік жүктейді. Біз тек құқықтарымызды біліп қана қоймай, заңды құрметтеп, қоғам алдындағы міндеттерімізді де орындауымыз керек. Әділеттілік, теңдік, ашықтық қағидаттары берік сақталған елде өмір сүру – әр жастың арманы.
Қорыта айтқанда, Конституция – жастардың арманы мен мақсатын жүзеге асыруға бағытталған басты құжат. Ол бізге сенім береді, ал сол сенімді ақтау – біздің міндетіміз.

#Конституция #ЖастарДауысы #Болашақ #ЗаңҮстемдігі #БелсендіҰрпақ

Нұрай Сүйеуова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT