Конституция – тұрақтылық пен бірліктің тірегі.

Еліміздің Ата Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясы – тәуелсіздігіміздің берік негізі деп есептеймін. Өмірдің талай кезеңін бастан өткерген аға буын үшін ең бастысы – елдің амандығы, халықтың тыныштығы және заңның үстемдігі. Конституция осы құндылықтарды айқындап, әр азаматтың құқығы мен бостандығын қорғауға кепілдік береді.
Жылдар бойы қоғам түрлі өзгерістерді бастан кешірді. Соған қарамастан, Конституция елдің тұрақтылығын сақтауға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға бағыт беріп келеді. Әсіресе, әлеуметтік қорғау, медициналық көмек пен лайықты зейнетақы мәселесінің заңмен бекітілуі – үлкен сенім ұялатады.
Ата Заң – тек құқықтық құжат емес, ол – ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын маңызды құндылық. Біз кейінгі буынға бейбіт, құқықтық мемлекет қалдыруға мүдделіміз. Сондықтан әр азамат Конституцияны құрметтеп, оның талаптарын орындауы қажет деп ойлаймын. Заңға бағынған елдің болашағы баянды болады.

#Конституция #АтаЗаң #Тұрақтылық #ЗаңҮстемдігі #Бірлік

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT