Конституция – халық денсаулығын қорғаудың берік кепілі.

Мен дәрігер ретінде Конституцияны тек саяси немесе құқықтық құжат деп емес, әр азаматтың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған негізгі тірек деп бағалаймын. Өйткені Конституцияда адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде айқын көрсетілген. Бұл – медицина саласы үшін аса маңызды қағида.
Қазақстан Республикасының Конституциясы әр азаматтың сапалы медициналық көмек алуға құқығын бекітеді. Бұл норма денсаулық сақтау жүйесінің дамуына, ауруханалар мен емханалардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, медициналық қызмет сапасын арттыруға құқықтық негіз болады. Әсіресе ана мен бала денсаулығын қорғау, профилактикалық тексерулерді кеңейту, ауылдық жерлердегі медицина сапасын жақсарту – Конституция талаптарының нақты көрінісі.
Бүгінгі таңда медицина саласы жаңарып, заманауи технологиялар енгізілуде. Бірақ қандай өзгеріс болмасын, оның түп негізінде заң үстемдігі мен азаматтардың құқықтарын сақтау тұруы тиіс. Конституция дәрігерлерге де үлкен жауапкершілік жүктейді. Біз тек кәсіби міндетімізді атқарып қана қоймай, әр науқастың құқығын құрметтеуге, медициналық этиканы сақтауға тиіспіз.
Сонымен қатар Конституция қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтады. Ал тұрақтылық бар жерде ғана денсаулық сақтау жүйесі тиімді жұмыс істей алады. Елдегі бейбітшілік пен сенім – халық саулығының кепілі.
Қорыта айтқанда, Конституция – бұл тек заңдар жинағы емес, ол әрбір адамның өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған басты құжат. Дәрігер ретінде мен оның қағидаттары дені сау, саналы әрі жауапты қоғам қалыптастыруға қызмет етеді деп сенемін.

#Конституция #ДенсаулықСақтау #АзаматҚұқығы #ЗаңҮстемдігі #ҚоғамТұрақтылығы.

Балымгүл Сақтапова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT