Қандай мемлекет болмасын, оның дамуы мен тұрақтылығы ең алдымен Ата Заңына байланысты. Қазақстан үшін бұл – Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция – жай ғана құқықтық құжат емес, ол елдің болашақ бағытын айқындайтын стратегиялық негіз.
Бүгінгі таңда қоғам жаңаруды, ашықтықты, әділеттілікті талап етеді. Конституциялық нормалардың жетілдірілуі мемлекеттік басқару жүйесін тиімді етіп, халық пен билік арасындағы сенімді нығайтуға бағытталуы тиіс. Әсіресе азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері нақты әрі қолжетімді болуы маңызды.
Конституциядағы өзгерістер қоғамдағы әр адамның жауапкершілігін арттырады. Әділетті мемлекет құру тек билікке ғана емес, әр азаматқа байланысты. Сондықтан Ата Заң талаптарын білу және құрметтеу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
#Конституция #ӘділеттіҚазақстан #ЗаңҮстемдігі

