Менің ойымша, Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің құқықтық тірегі әрі қоғамдық келісімнің басты кепілі. Бұл құжат әр азаматтың құқығы мен бостандығын айқындап, мемлекет пен халық арасындағы жауапкершілікті нақты белгілейді. Заң үстемдігі қағидатының сақталуы – тұрақты дамудың басты шарты.
Қазіргі кезеңде Конституция нормаларының өмірде нақты жүзеге асырылуы аса маңызды. Әсіресе әлеуметтік әділеттілік, ашықтық және мемлекеттік басқарудың тиімділігі мәселелері басты назарда болуы тиіс. Конституциялық талаптар тек қағаз жүзінде қалмай, күнделікті өмірімізде көрініс тапқанда ғана ел дамуы қарқынды болмақ.
#Конституция #ЗаңҮстемдігі #ӘділеттіҚоғам


