Әрбір мемлекеттің дамуы оның Ата Заңына тікелей байланысты. Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміздің стратегиялық бағытын айқындап, демократиялық құндылықтарды орнықтыруға жол ашады. Бұл құжатта азаматтардың теңдігі, сөз бостандығы, еңбек ету құқығы сияқты маңызды қағидалар бекітілген.
Конституция – тек заңгерлерге арналған құжат емес. Ол – барша халыққа ортақ ереже. Әр азамат өз құқығын біліп, заң талаптарын сақтағанда ғана қоғамда тәртіп пен тұрақтылық орнайды. Сондықтан жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.
#АтаЗаң #ҚұқықтықМемлекет #Тұрақтылық

