Қоғамдық тәртіп – қауіпсіз өмір кепілі

Заң мен тәртіпті сақтау – әрбір азаматтың басты міндеттерінің бірі. Қоғамдық орындарда тәртіпке бағыну, өзгенің құқығын құрметтеу және заң талаптарын орындау елдегі тұрақтылық пен тыныштықтың негізін қалайды. Қоғамда тәртіп болған жерде адамдар өздерін қауіпсіз сезінеді, ал бұл мемлекеттің дамуына оң әсер етеді.

Соңғы жылдары құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түрлі шаралар жүзеге асырылуда. Дегенмен заң талаптарын сақтау тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барша қоғамның ортақ жауапкершілігі. Әсіресе жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру маңызды.

Әр адам өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарап, заңды құрметтеген жағдайда ғана қоғамда тәртіп орнайды. Заң мен тәртіпті сақтау – қауіпсіз әрі жарқын болашаққа бастар жол.

 

Г.СӘДУАҚАС

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT