Құқықты білу – өзіңді қорғау

Күнделікті өмірде заңға қатысты мәселелермен жиі кездесеміз. Жол ережесін сақтау, қоғамдық орында өзін дұрыс ұстау, өзгенің құқығына қол сұқпау – мұның бәрі заң мен тәртіпке құрметтен басталады. Өз құқығын білетін адам қандай жағдайда не істеу керектігін де жақсы түсінеді.

Құқықтық сауаттылықтың әсіресе жасөспірімдер үшін маңызы зор. Кейде қарапайым әзілдің өзі біреудің құқығын бұзуы мүмкін немесе әлеуметтік желідегі әрекеттің заң алдында жауапкершілікке әкелетінін көпшілік біле бермейді. Сондықтан заң талаптарын жас кезден түсініп, оны өмірде қолдана білу қажет.

Заң – тек тыйымдар жиынтығы емес, азаматтың құқығын қорғайтын маңызды құрал. Құқығын білетін, міндетін орындайтын және өзгені сыйлайтын азаматтар көбейген сайын қоғамдағы тәртіп те нығая түседі.

 

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT