Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің құқықтық негізін қалыптастыратын басты құжат. Ол елдегі барлық заңдардың бастау көзі болып табылады. Конституция әр азаматтың құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған.
Бүгінде қоғамның дамуы мен тұрақтылығы заң талаптарының сақталуына тікелей байланысты. Ата Заңымыз елдегі татулық пен бірлікті нығайтып, әділ қоғам қалыптастыруға жол ашады. Әрбір азамат Конституция талаптарын құрметтеп, заңды сақтаған кезде ғана мемлекетіміздің іргесі берік бола түседі.
#АтаЗаң #ҚұқықтықМемлекет #ЗаңҮстемдігі

