Кибербуллингтің алдын алу – маңызды міндет

Қазіргі технология дамыған заманда интернет адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда әлеуметтік желінің пайдалы тұстарымен қатар, қоғамға қауіп төндіретін кері әсерлері де бар. Соның бірі – кибербуллинг. Бұл – интернет арқылы адамды қорлау, кемсіту, мазақ ету немесе психологиялық қысым көрсету.

Өкінішке қарай, кибербуллинг әсіресе жасөспірімдер арасында жиі кездеседі. Әлеуметтік желідегі орынсыз пікірлер мен қорлайтын жазбалар адамның жан дүниесіне ауыр соққы береді. Кей жағдайда бұл балалардың тұйықталуына, өзіне деген сенімнің жоғалуына алып келеді.

Интернеттегі мәдениет те шынайы өмірдегі тәртіп сияқты маңызды. Әр адам әлеуметтік желіде жазған сөзіне жауапкершілікпен қарауы тиіс. Себебі бір ауыз сөздің өзі біреудің тағдырына әсер етуі мүмкін.

Кибербуллингтің алдын алу үшін ата-ана, мектеп және қоғам болып бірігіп әрекет ету қажет. Жастарға интернетті дұрыс пайдалануды үйретіп, мейірім мен құрметтің маңызын түсіндіру маңызды. Саналы қоғам ғана кибербуллингке қарсы тұра алады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT