Халықпен ашық диалог: Махамбет ауданы Полиция бөлімінің бастығы аудан тұрғындарымен кездесті

Атырау облысы Махамбет ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Нұрболат Дюсенбайұлы Алекесов аудан тұрғындарымен ашық кездесу өткізді. Жиын барысында қаралған негізгі мәселелер ұрлық, мал ұрлығының алдын- алу бойынша атқарылған жұмыстар, интернет-алаяқтық қылмыстарының тәсілдері, жол-көлік оқиғаларының салдары, қоғамдағы өзекті мәселе сталкинг және тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыптары талқыланды. 

Кездесуде аудан тұрғындары  проблемалық мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін ашық білдірді. Тұрғындар тарапынан Бейбарыс ауылдық округіне учаскелік полиция пунктін салуға, үй жануарларымен болатын жол көлік оқиғаларын алдын алу шараларын жүргізуге және т.б. ұсыныстар берді.

Сондай-ақ «Заң мен тәртіп: Қауіпсіз балалық шақ» атты форум негізінде жасөспірімдерге қатысты  мәселелер талқыланды.  2 наурыз күні күшіне енген “Профилактика туралы” Заңының негізгі талаптары бойынша  ескерту жұмыстары жүргізілді.

Жиын соңында Полиция бөлімінің штаттық бірліктерін  жасақтау мақсатында Ішкі Істер органдарында қызмет етудің артықшылықтары мен қойылатын негізгі талаптары туралы мәлімет берілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT