Халық Кеңесі – қоғамдық диалогтың жаңа алаңы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясында жаңа институттың елдің саяси жүйесіндегі маңызына тоқталды. Бұл – қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Бүгінде ел өмірінде болып жатқан өзгерістердің басты мәні – халықтың ұсынысы мен пікірін ескеріп, өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге жол ашу. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуы азаматтардың қоғамдық үдерістерге қатысуына жаңа мүмкіндік береді.

Өңірлердегі ахуал, ауыл тұрғындарының талап-тілегі, әлеуметтік мәселелер – ел дамуының ажырамас бөлігі. Сондықтан халықтың үні жоғары деңгейде естіліп, жергілікті жерлердегі ұсыныстардың ескерілуі маңызды.

Халық Кеңесі ел азаматтарын ортақ мақсатқа жұмылдырып, қоғамдағы өзара түсіністік пен жауапкершілікті арттыруға ықпал ететін маңызды алаңға айналуы тиіс. Елдің ертеңі – халық пен биліктің өзара сенімі мен бірлескен іс-қимылына байланысты.

 

С.ЖАЙЛАШЕВ,

Махамбет аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT