Көгалдандыру – келешекке жасалған қамқорлық

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында қолға алынып жатқан көгалдандыру жұмыстарының маңызы зор. Ағаш отырғызу, гүлзарлар мен жасыл аймақтарды көбейту – қоршаған ортаны көркейтіп қана қоймай, тұрғындарға жайлы әрі таза орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ауданымызда көктем мен күз мезгілдерінде ағаш көшеттері отырғызылып, қоғамдық орындар мен көшелердің көркін арттыру бағытындағы жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді. Осындай игі іске тұрғындардың, жастардың және еріктілердің белсенді атсалысуы туған жерге деген жанашырлықтың айқын белгісі.

Көгалдандыру – бүгінгі күннің ғана емес, болашақтың қамы. Бүгін отырғызылған әрбір ағаш ертеңгі ұрпаққа сая, таза ауа және көркем табиғат сыйлайды. Сондықтан «Таза Қазақстан» бастамасын қолдап, табиғатты қорғауға және көгалдандыру жұмыстарына әрқайсымыз үлес қоссақ, ауданымыздың ажары артып, өмір сүруге қолайлы мекенге айнала түседі.

 

Г.Жолдасқали

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT