«КЕРІМ-АЙ» АНАЛАР АНСАМБЛІ ДАУЫС БЕРДІ

Жалғансай ауылындағы №221 сайлау учаскесінде Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру жалғасуда. Ауыл тұрғындары сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.

Сайлау учаскесіне «Керім-ай» аналар ансамблінің мүшелері де ұйымшылдықпен келіп, дауыс берді. Ұлттық нақыштағы киімдерімен келген өнерлі аналардың сайлауға қатысуы көпшілік назарын аударды.

Сондай-ақ ауылдың ең жас сайлаушысы Ақтоты Қуанышқызы да сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

№221 сайлау учаскесінде тұрғындардың белсенділігі жоғары, дауыс беру жалғасуда.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT