Қазақстан мен Түркияны байланыстыратын тамырлас тарих пен ортақ рухани құндылықтар бар. Екі ел арасындағы достық қарым-қатынас жыл өткен сайын нығайып, жаңа салаларда дамып келеді.
Мемлекет басшысының Түркияға сапары осы байланысты одан әрі тереңдетуге бағытталған маңызды қадам деп білемін. Әсіресе, сауда-экономикалық әріптестік, ауыл шаруашылығы, білім мен мәдениет салаларындағы ынтымақтастықтың кеңеюі екі ел үшін де тиімді. Мұндай кездесулер елдер арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Ең бастысы, қабылданған шешімдер халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және ортақ мақсаттардың жүзеге асуына ықпал етсе дейміз.
Самат ЖАЙЛАШЕВ,
Махамбет аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы



