Қазақстан мен Корея: достыққа негізделген жаңа серіктестік

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары екі ел арасындағы өзара құрмет пен сенімге негізделген қарым-қатынастың жаңа белесін айқындаған маңызды оқиға болды.

Сапар барысында Мемлекет басшысының Корея Президенті Ли Чжэ Мёңмен және Ұлттық Ассамблея Спикері Чо Чжон Шикпен кездесуі екі ел арасындағы жылы байланыстардың мазмұнын тағы бір мәрте көрсетті. Әсіресе Корея тарапының Қазақстан Президентін ілтипатпен қарсы алып, екіжақты қатынасты болашаққа бағдарланған жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеруге мән беруі көңілге қуаныш ұялатады.

Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастық тек экономика мен инвестиция саласымен шектелмейді. Білім, цифрландыру, энергетика, жасанды интеллект, мәдениет және гуманитарлық байланыстар да елдер арасындағы өзара ықпалдастықтың маңызды бағыттарына айналып келеді.

Бүгінде екі халықты жақындастыратын тарихи әрі мәдени байланыстар да бар. Қазақстанда тұратын корей этносының өкілдері екі ел арасындағы достықтың өзіндік алтын көпіріне айналып отыр.

Екі ел арасындағы осындай өзара сыйластық пен сенімге құрылған байланыс алдағы уақытта да нығая түсіп, Қазақстан мен Корея халықтарының игілігіне қызмет ете берсін.

 

С.ЖАЙЛАШЕВ,

Махамбет аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT