«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі

Құрметті Махамбет ауданының тұрғындары мен қонақтары!

2026 жылдың 24-25 шілде аралығында республика аумағында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін анықтау және зардап шеккен азаматтарға дер кезінде көмек көрсету.

Егер сіз:
▪️ Отбасындағы зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз
▪️ Тұрмыстық жан-жалдардың куәгері болсаңыз
үнсіз қалмай, міндетті түрде хабарлауыңызды сұраймыз. Сіздің бір қоңырауыңыз біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін.

☎️ Сенім телефондары: 111, 150
🚓 Полицияға хабарласу: 102

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT