Қоғамдық тәртіп – әр азаматтың жауапкершілігі

Қоғамдық тәртіптің сақталуы тек құқық қорғау органдарының қызметіне байланысты емес. Ол әр тұрғынның күнделікті әрекетінен басталады. Көшеде, қоғамдық орындарда, көлік ішінде немесе көршілер арасында өзгенің құқығын құрметтеу – мәдениетті қоғамның негізгі белгілерінің бірі.

Кейде адамдар ұсақ құқық бұзушылықтарға мән бермей жатады. Алайда қоғамдық орында шу шығару, ортақ мүлікке зиян келтіру, жол қозғалысы ережелерін елемеу сияқты әрекеттердің әрқайсысы айналадағы адамдардың қауіпсіздігі мен тыныштығына әсер етеді.

Аудан көлемінде қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бағытындағы түсіндіру және профилактикалық жұмыстардың маңызы зор. Дегенмен тәртіпті тек бақылау мен ескерту арқылы қалыптастыру мүмкін емес. Ол үшін тұрғындардың өзара сыйластығы мен заңға деген құрметі қажет.
Заң бәріне ортақ. Сондықтан қоғамдық тәртіпті сақтау – біреудің міндетін орындау емес, әр азаматтың өз ортасына деген жауапкершілігін сезінуі.

 

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT