Отбасындағы жанжал кейде сырт көзге байқалмайды. Алайда қорқыту, қысым көрсету, кемсіту немесе күш қолдану сияқты әрекеттерді қалыпты жағдай деп қабылдауға болмайды. Мұндай мәселелерді үнсіз қалдыру жағдайды одан әрі ушықтыруы мүмкін.
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу – тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Бұл бағытта әлеуметтік қызметтер, Отбасын қолдау орталықтары және қоғам өкілдерінің бірлескен жұмысы маңызды.
Қиын жағдайға тап болған азаматтар көмек сұраудан қорықпауы керек. Уақытылы хабарласу, тиісті мамандардан кеңес алу және құқықтық көмекке жүгіну көптеген келеңсіздіктің алдын алуға мүмкіндік береді.
Отбасындағы қауіпсіздік әр адамның құқығы мен қадір-қасиетін құрметтеуден басталады.
Г.СӘДУАҚАСОВА



