Үйден дауыс беру ұйымдастырылды

Талдыкөл ауылындағы №226 референдум учаскесінде үйден дауыс беру мүмкіндігі де қарастырылған. Учаске комиссиясының мүшелері арнайы өтініш білдірген сайлаушылардың үйлеріне барып, дауыс беру жәшіктерін жеткізді.

Жалпы, бұл учаскеде 12 сайлаушы үйден дауыс берді. Олардың қатарында денсаулығына байланысты учаскеге келе алмаған науқас жандар мен жасы үлкен қариялар бар.

№226 референдум учаскесінің төрағасы Сандуғаш Серікқалиқызының айтуынша, әр сайлаушының өз таңдауын жасауына мүмкіндік беру – басты міндеттердің бірі.

– Учаскеге келе алмайтын азаматтардың өтініші негізінде комиссия мүшелері арнайы жылжымалы жәшікпен үйлеріне барып, дауыс беруіне жағдай жасады. Барлығы заң талаптарына сай ұйымдастырылды, – дейді учаске төрағасы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT