№232 сайлау учаскесінде денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскесіне келе алмаған 15 азаматқа үйден дауыс беру мүмкіндігі ұйымдастырылды.
Үй жағдайында отырғанына қарамастан, азаматтар ел болашағына қатысты маңызды таңдаудан тыс қалмай, өз азаматтық ұстанымдарын білдіріп, дауыс беруде. Бұл – әр азаматтың ел өміріне бейжай қарамайтынын, өз таңдауын жасауға деген жауапкершілігін көрсетеді.



