Енді еліміздің кез келген азаматы полиция қызметіне кезексіз, артық құжатсыз, онлайн форматта өтінім бере алады Платформа Қазақстанның барлық өңіріндегі вакансияны біріктіреді.
Үміткер өзіне қолайлы қала мен бөлімшені, қызмет түрін таңдап, бірден өтінім жібереалады. Құжаттар сайтқа бір рет қана жүктеледі. Кадр бөліміне барудың немесе анықтамаларды қағаз түрінде тапсырудың қажеті жоқ. Іріктеутек жүйе арқылы жүргізіледі. Әрбір қадам цифрлық із арқылы тіркеледі — бұл сыбайласжемқорлық тәуекелдерін және адамифакторды болдырмайды.
Платформа таңдалған лауазым бойыншажалақы мөлшері мен тұрғын үй төлемдерін автоматты түрде көрсетеді. Өтінімнен бастапсұқбатқа шақыруға дейінгі барлық кезеңді онлайн режимде бақылауға болады. "Qyzmet-Police.kz" платформасы — бұл жай ғана ыңғайлы сервис емес, ІІМ-нің кадр саясатынашықтыққа, сенім мен әділдікке бағыттаған цифрлық трансформациясының маңызды бөлігі.
Жоба әрбір азаматқа тұрғылықты жеріненемесе жеке байланыстарына қарамастан, ішкіістер органдарында қызмет етуге тең мүмкіндік береді. Бұл - сіздің мүмкіндігіңіз! Байқап көріңіз! www.qyzmet-police.kz
Қосымша сұрақтар бойынша: Атырау қаласы, Әбілхайырхан даңғылы, 55 (байланыс телефондары 98-24-44, 98-21-77)
Атырау облысының Полиция департаменті
Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы

