Соңғы жылдары облыс аумағында салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған бастамалар кеңінен қолдау тауып келеді. Қоғамдық тыныштық пен ұрпақтың болашағын ойлаған ауыл тұрғындары «Заң мен тәртіп» қағидатын берік ұстанып, жақсы үлгі көрсетуде. Солардың бірі – ауданға қарасты Еңбекшіл ауылының тұрғындары.Бүгінде мұнда 47 үйде 272 тұрғын тіршілік етуде. Шағын ғана елді мекенде бір мектеп, медициналық пункт және күнделікті тұрмысқа қажетті тауарларды ұсынатын жалғыз дүкен жұмыс істеп тұр.
Махамбет аудандық полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Айдос Сейтқазиевтің айтуынша, ауылдағы тыныштық пен тәртіп – адамдардың өзара түсіністігінің нәтижесі.
Отбасындағы берекені қашырып, қоғамдағы көптеген қылмыстарға жол ашатын ішімдік атаулыға қарсы насихаттық іс-шаралар жүзеге асуда. Осындай келеңсіздіктерден аулақ болу үшін Еңбекшіл ауылының тұрғындары өзара келісе отырып, ішімдік сатуға да, ішуге де мүлде тыйым салуды ұйғарды. Шағын ғана ауылда тыныштық пен татулық орнаған, адамдардың ой- санасы өзгеріп келеді, – деді поли¬ция майоры.
Еңбекшіл – еңбекті қадірлейтін, бірлігі бекем ауыл. Таң ата еңбекке кірісіп, кешкісін бәрі бір дастарқан басына жиналады. Қонақ келсе, төрден орын ұсынып, жылышы¬рай таныту өмірлік салтқа айналған. Ауыл ақсақалдары жастарға өнеге айтып, татулық пен өзара сыйластықты үнемі насихаттап отырады. Осындай бауырмалдық пен ортақ жауапкершілік арқасында мұнда дау- жанжал да, ұрыс-керіс те жоқ. Осындай өнегелі ауылдар көбейсе, еліміздің болашағы да жарқын болары сөзсіз.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ


