Интернетті қауіпсіз пайдалану – заман талабы

Қазіргі таңда интернеттің дамуы адамдардың өмірін жеңілдеткенімен, интернет алаяқтық мәселесі де көбейіп келеді. Интернет алаяқтары жалған хабарламалар, жалған сайттар, әлеуметтік желілер немесе телефон қоңыраулары арқылы адамдардың жеке мәліметтері мен ақшасын алдап алуға тырысады. 

Көп жағдайда олар өзін банк қызметкері, мемлекеттік орган өкілі немесе белгілі бір компанияның қызметкері ретінде таныстырады. Осындай әрекеттердің салдарынан көптеген азаматтар қаржылық шығынға ұшырап жатады.

Менің пікірімше, интернет алаяқтықтың алдын алу үшін әр адам цифрлық сауаттылығын арттыруы қажет. Бейтаныс адамдарға жеке деректерді, банк картасының нөмірін немесе құпиясөздерді бермеу керек. Сондай-ақ күмәнді сілтемелерге кірмей, ақпараттың рас-өтірігін ресми дереккөздерден тексерген дұрыс. Егер алаяқтық әрекетке тап болсаңыз, бірден банкке және құқық қорғау органдарына хабарлау қажет.

Қорытындылай келе, интернет алаяқтық – қоғам үшін маңызды әрі өзекті мәселе. Онымен күресу тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың жауапкершілігін талап етеді. Егер бәріміз сақтық шараларын сақтап, ақпараттық қауіпсіздік ережелерін ұстансақ, интернет алаяқтарының құрбаны болу қаупін едәуір азайта аламыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT