Ғасыр куәгері дауыс берді

Еңбекшіл ауылында орналасқан № 230 сайлау комиссиясының мүшелері денсаулығына байланысты  сайлау учаскесіне келе алмайтын 29 адамның үйіне бюллетень жәшігін апарды. 

Оның ішінде ғасыр куәгері Қаншайым Ерсариева дауыс беріп, ел болашағына деген жоғары жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.  Дауыс беріп болған соң, абыз ана елдің тыныштығы мен бірлігі үшін ақ батасын берді. 

-Біз көрген қиындықты кейінгі ұрпақ көрмесін. Ұрпағымыз ақылды, еңбекқор, еліне адал қызмет етер азамат болсын. Саяси науқанда жасалған халықтың таңдауы елімізді тек жақсылыққа бастасын, - дейді кейуана.

Айта кетейік, түске дейін бұл учаскеде 70-ке жуық адам дауыс беріп үлгерді.

 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT