Есірткіге қарсы күрес — заң мен тәртіптің талабы

Қоғамдағы заң мен тәртіптің сақталуы — ел қауіпсіздігі мен тұрақтылығының басты кепілі. Бүгінгі таңда қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі — есірткі айналымы мен оның адам өміріне тигізетін зияны. Бұл мәселе тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның назарында болуы тиіс. Себебі есірткіге тәуелділік адамның денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, оның болашағына да қауіп төндіреді.

Есірткі қылмысының алдын алу үшін заң талаптарын қатаң сақтау және жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды. Әсіресе жасөспірімдердің зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануы ерекше мәнге ие. Кейбір адамдар жеңіл табысқа қызығып, есірткіні тарату немесе тасымалдау сияқты заңсыз әрекеттерге барады. Алайда мұндай қадамдардың арты ауыр құқықтық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Менің ойымша, есірткімен күрес тек жазалау шараларымен шектелмеуі керек. Жастарға сапалы білім алуға, спортпен айналысуға және өз қабілетін дамытуға мүмкіндік жасау қажет. Отбасы, мектеп және қоғам бірлесе әрекет еткенде ғана бұл қауіптің алдын алуға болады. Сонымен қатар күмәнді әрекеттерге бейжай қарамай, заңды жолмен тиісті органдарға хабарлау да азаматтық жауапкершіліктің белгісі.

Есірткісіз қоғам қалыптастыру — баршамызға ортақ міндет. Заңды құрметтеу, тәртіпті сақтау және салауатты өмір салтын таңдау әр адамның өзінен басталады. Болашағы жарқын, қауіпсіз Қазақстан құру үшін әр азамат есірткіге қарсы күресте өз үлесін қосуы қажет.

 

Г.СӘДУАҚАСОВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT