Есбол ауылында №232 сайлау учаскесінде дауыс беру белсенділігі артып келеді

Есбол ауылындағы №232 сайлау учаскесі бүгін өз жұмысын белсенді түрде жалғастыруда. Ауыл тұрғындары ел мен жердің тұтастығы үшін қабылданып жатқан Жаңа заңға қолдау көрсету мақсатында белсенділік танытуда. Сағат санап дауыс берушілердің саны артып келеді.
Бүгінгі таңда алғашқы дауыс беруші болып Төлеп Ақгүл шықты. Ауыл тұрғындары арасында көп балалы және мемлекеттік қызметкерлер болып табылатын Тілегеновтер отбасы да дауыс беруге келіп, өз таңдауларын жасады. Олардың қызы Қ. Дүтбаева атындағы педагогикалық колледждің 2 курс студенті болып, отбасымен бірге келіп, өз дауысын берді. Бұл отбасы ел болашағы үшін жауапкершілікті сезінетінін айқын көрсетіп отыр.
Ұжымдар мен отбасы мүшелерімен бірге келетін тұрғындардың көп болуы сайлау учаскесіндегі көңіл-күйді көтеріп, тұрғындардың өз таңдауына деген жауапкершілігін көрсетуде. Әрбір дауыс – Қазақстанның дамуы мен ел бірлігін қолдаудың маңызды қадамы болып табылады.
Есбол ауылындағы сайлау учаскесі таңғы сағаттардан бастап тұрғындардың белсенді қатысуымен ерекшеленіп, ел болашағына деген сенім мен үміттің көрінісі болып отыр.
#МенДауысБердім #ЕлімҮшінТаңдау #РеферендумғаБардым
Ш.Төлегенова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT