Жаңа Конституция адам құқықтарының іргелі кепілдіктерін күшейтеді. Мәселен, өмір сүру құқығының абсолюттілігі, жеке ба¬сына қол сұғылмаушылық, цифрлық дәуірдегі дербес деректерді қорғау, «Миранда қағидатын» бекіту секілді нормалар көрсетілген. Жобада сондай-ақ сөз бостандығы, ғылыми-техникалық және көркем шығармашылық еркіндігі, зияткерлік меншікті қорғау мәселелеріне қатысты ережелер қамтылған. Жаңа Конституцияның өзекті идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновациялар айқындалған.
Бұл бағыттарды белгілеу кездейсоқ емес. Олар Қазақстанның одан әрі дамуы үшін аса қажет. Күн сайынғы технологиялық ілгерілеу бүкіл әлемнің болашақ өмір сүру парадигмасын өзгертіп отырған тез өзгермелі кезеңде басты ресурс пайдалы қазбалар емес, адамдар болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда Конституцияда адами капиталды дамытуға басымдық берілуі – әлемдік сахнаның алдыңғы қатарына шығып, дамыған елдер қатарынан өз орнын алуға мүмкіндік береді.
Ғылымның дамуы технологиялық серпіліске қуатты түрткі болады. Ол жаңа нарықтар қалыптастырып, капитал тартады, тиісінше халықтың жалпы әл-ауқатын арттырады. Бұдан бөлек, бұл мемлекеттің адамдарға үнемі инвестиция салып, ғылым мен білім жүйесін дамытып, ұлт сапасын тұрақты түрде көтеруге ниетті екенін көрсетеді. Ғылымды дамыту мен инновациялар рухына жасалған екпіннің белгілі бір философиялық мәні бар екенін де атап өткен жөн. Бұл ұлттың жекелеген элементтерге байланып қалмай, жаңа оң өзгерістерге дайын болу ниетін білдіреді.
Бұдан өзге, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселесіне айрықша назар аударылған. Діннің мемлекеттен бөліну қағидаты бекітіледі. Рухани және діни білім беру ұйымдарын қоспағанда білім беру мен тәрбиенің зайырлы сипаты белгіленеді. Сонымен бірге некенің ерікті және ер мен әйелдің тең құқықты одағы екені жөніндегі норма енгізіледі. Мұндай тәсіл әйелдердің құқықтарын қорғауды күшейтуге әрі дәстүрлі құндылықтарды сақтауға бағытталған.
Жаңа Конституция жобасы қоғам мен мемлекетті дамытудың стратегиялық міндеттеріне жауап береді. Ол Қазақстанда қалыптасқан мемлекеттік негіздерді қайта бекіте отырып, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасының логикасына сай екпіндерді күшейтеді. Жобада көзделген қағидаттар мемлекет пен қоғам эволюциясының сапалық тұрғыдан жаңа кезеңін бастауға негіз қалайды.
Данияш НҰРЖАНОВА,
аудандық әжелер кеңесінің төрайымы
Ел тарихындағы маңызды қадам
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 109

