Ел Таңдауы: №231 Референдум Учаскесінде Дауыс Беру Жалғасуда.
Бүгін №231 референдум учаскесі өз жұмысын жалғастырып, ауыл тұрғындары ел болашағы үшін маңызды таңдау жасап жатыр. Референдум учаскесінде әрбір дауыс – еліміздің даму жолындағы жауапты қадам екенін көрсетеді.
Ауыл тұрғындары белсенділік танытып, өз таңдауын жасай бастағаны байқалады. Солардың ішінде 91 жастағы Нұрбетай апамыз өз отбасымен келіп, ұрпағының болашағы үшін дауыс берді. Оның бұл қадамы ауылдағы жастарға да үлгі болып отыр.
Дауыс беру бүгінгі күн бойы 20:00-ге дейін жалғасады. Әрбір азаматтың пікірі маңызды, сондықтан өз таңдауын жасауға асығыңыз. Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда.
#МенДауысБердім #ЕлімҮшінТаңдау #РеферендумғаБардым
Ш.Төлегенова


