Сарытоғай ауылына қарасты Қ.Қалыбеков мектебі ғимаратында орналасқан 220 сайлау учаскесінде денсаулық жағдайына байланысты үйден дауыс беруге өтініш білдірген 18 тұрғынның үйіне бюллетень жәшігі апарылды.
Жылжымалы жәшікпен үй-үйді аралауға шыққан комисся мүшелері алғашқы боп еңбек ардагері Уәли Рақымжановтың шаңырағына бас сұқты.
Уәли ағамыз бүгінгі маңызы зор саяси науқаннан шет қалмай, өз таңдауын жасады.

Ел тарихындағы саяси өзгерістердің талай белесін көрген көнекөз қария бейбіт өмірдің бағасын біледі, тұрақтылық пен татулықтың қадірін түсінеді. Оның
бүгінгі таңдауы ел ертеңіне деген сенімінің көрінісі.
Сол секілді ауылдың еңбек ардагерлері Қалиса Маханова, Любовь Гарбузова, Насипа Бектілеуовалардың шаңырағына жәшіктер апарылып, аталған сайлау учаскесі бойынша барлығы 18 сайлаушының үйден дауыс беруіне мүмкіндік жасалды.



