«Таза Қазақстан» бағдарламасында жастардың орны ерекше. Себебі экологиялық мәдениет ең алдымен жас ұрпақтан қалыптасады.
Жастар сенбіліктерге қатысып, ағаш отырғызып, қоршаған ортаны қорғауға белсенді араласса – қоғамда үлкен өзгеріс болады. Сонымен қатар әлеуметтік желі арқылы да экологиялық ойды насихаттау маңызды.
Сондықтан болашақ ұрпақ табиғатты аялауды өз өмір салтына айналдырса, «Таза Қазақстан» шынайы түрде жүзеге асады.

